Бүгін Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында парапланның дәлме-дәл қону түрінен халықаралық турнир салтанатты түрде жалауын көтерді.
Шараның ашылу салтанатына Жетісу облысы әкімінің орынбасарыМарлен Қапашұлы Көлбаев, Параплан спортынан ҚазақстанФедерациясының басшысы Игорь Вершки, Халықаралық ультра жеңілавиация федерациясының вице президенті Овука Зелько қатысты.
Жетісу жерінде басталған байрақты бәсекеге дүниежүзінің 30 елінен 200-ге жуық парапланшылар келді.
Шара бағдарламасы бойынша алдымен «ПЕДРО ТИРАДО» аттыхалықаралық турнир басталды. Артынша Азия және Қабанай батыр кубогысарапқа салынып, парапланшылар бәсекесін әлем кубогы қорытындылайды. Спорттық шараға дүниежүзінің 44 елінен 200-ге жуық адам қатысады.
Айта кетсек, халықаралық жарыс маусым айының 1 күні өз мәресінежетеді.