Жеке куәлікті рәсімдеу

Жеке куәлікті рәсімдеу

Жеке куәлік пен төлқұжатты қалай рәсімдейміз?
Құрметті оқырман, егер сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттардың бірін ауыстыру керек болса, ХҚО-ға бару қажет. Ал біз сізге бүгінгі #oqy&toqy айдарында бұл жайлы қысқаша ақпарат беретін боламыз.

📌ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондаңыз;
📌Өзіңіз брондаған ХҚО-ға уақтылы барыңыз;
📌Тіркеу залына өтіп, ЖСН арқылы брондаған кезегіңізді растап, элекронды талон алыңыз;
📌Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз;
📌Құжаттандыру секторына өтіңіз;
📌Көші -қон қызметкері құжатты рәсімдейді;
📌Дайын құжатты осы ХҚО-дан алатын боласыз.

📍ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап, 10 жылға беріледі.
📍ҚР азаматының паспорты азаматтардың қалауына қарай, ҚР аумағынан тыс жерге шыққанда жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Паспорт 10 жылға беріледі.
📍16 жасқа толған жасөспірім жеке куәлікті алу үшін ХҚО-ға ата-анасының бірімен келуге міндетті