Панфилов ауданы бойынша ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) құрамы бекітілді

Панфилов ауданы бойынша ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) құрамы бекітілді

Жастар, балалар мен жасөспірімдер арасындағы теріс діни ағымдардан сақтану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, зиянды әдеттерден арылу, құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, ұлтаралық қақтығыстардың алдын-алу бағытында Панфилов ауданы бойынша ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) құрамы бекітіліп, «Азаматтық бірегейлікті нығайту» бағытында жоспары құрылған болатын. Жоспарға сәйкес 2024 жылдың 07 ақпаны мен 27наурыз  аралығында аудан көлеміндегі орта мектептер мен колледждерде кездесулер өткізу жоспарланған.  2024 жылдың 10 сәуір  Атамекен ауылдық округіне қарасты Атамекен  ауылы Пенжім орта  мектебінің жоғары сыныптағы мектеп оқушылары, мектеп әкімшілігі, ұстаздары мен ата-аналардың қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесуде  «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие», «Отбасылық құндылықтарды нығайту», «Этносаралық татулық пен бірлік», «Ұлтаралық қатынастар, құқық бұзушылық бағыттарындағы заңдылықтарды түсіндіру», "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру", «Жат ағым жарға жығады», «Колледждер мен мектептерде құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру», «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы», «Спирттік ішімдік, есірткі, темекі,электронды темекі т.б. зиянды заттардың зардабы»т.б. тақырыптар қамтылып, видео роликтер көрсетілді.