Жаркент қаласында қаржылық сауаттылық бойынша тегін сабақ өтті

Жаркент қаласында қаржылық сауаттылық бойынша тегін сабақ өтті

Жаркент қаласында «Аманат» партиясының жетекшілігімен «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша тегін сабақ өтті. Қаржы сарапшысы жеке кеңес беріп қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттар мен несиелік бағдарламаларға бизнес жоспар жазуға көмектесті. Қатысушылар білікті заңгерден көмек алды. Оқу соңында арнайы сертификаттар тапсырылды.