Қариялар да дауыс беруде

Қариялар да дауыс беруде

Алакөл ауданында 99 жастағы көп балалы ана, Жайпақ ауылының тұрғыны Марзия Әбдрахманова № 66 сайлау учаскесінде дауыс берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Марзия апа ел үшін маңызды оқиғалардан ешқашан сырт қалмағанын айтады. 

- Елдің әр тұрғынының дауысы маңызды. Әзірге өзім жүріп-тұра аламын, денсаулығым жақсы, сондықтан қариямын деп үйде жатпай, учаскеге келдім, - дейді ол.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.