Жетісудың жас сайлаушылары белсенді

Жетісудың жас сайлаушылары белсенді

Жетісудың әр түкпірінде жас сайлаушылар сайлауда белсенділік көрсетуде, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Панфилов ауданында тұратын, биыл сайлауға бірінші рет қатысып тұрған 18 жасар Айназ Иманғалиева ісерімен бөлісті: 

- Бүгін сайлауға тұңғыш рет қатыстып тұрмын, ерекше сезімдемін. Өзіңнің дауыс беру арқылы болашаққа, ел ертеңіне үлес қосқаныңды сезіну ерекше екен. Қазақстанның болашағы - бәрімізге ортақ. Сондықтан таңдау жасау аса маңызды деп есептеймін. Бұл - әр азаматтың парызы, - деді ол.

Ал Кербұлақ ауданында алғаш рет дауыс берген Дияна Сүйдүтова сайлау учаскесіне отбасымен бірге келді. 

- Қазақстанның азаматы ретінде өз сайлау учаскеме келіп, дауыс бердім. Әрбір дауыс маңызды, сондықтан одан тыс қалуға болмайды деп ойлаймын, - деді Д.Сәрсенбайқызы.

Диянаның анасы, көп балалы Гүлаз Шәкенова сайлауға балаларын ертіп келгенін айтады:

- Біз сайлауға бірге келдік. Елдің тағдырына бейжай қарамайтын кез келген адам үшін сайлау маңызды оқиға болуы тиіс, - деді 14 баланың анасы Г.Шәкенова.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.