Панфилов ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Панфилов ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Тағайындау

Панфилов ауданы әкімінің өкімімен Қанат Нұркешұлы Досмаилов Панфилов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Досмаилов Қанат Нұркешұлы

Туған күні 1962 жылғы 17 қазан
Туған жері Қазақстан, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылы.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы:
1.1985 жыл, Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институты
2.2006 жыл, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы
3.2014 жыл І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Мамандығы : 1. Ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығы бойынша инженер-электрик
2. құқықтану бакалавры академиялық дәрежесі және біліктілігі берілді.
3. Тарих мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі және біліктілігі берілді.

Еңбек жолын 1985 жылы Көкпекті "Агропромэнерго"мекемесінде IV разрядты электромонтер болып бастады.

Әр жылдары Көкпекті ауданының "Агропромэнерго" мекемесінде энергетика инженері ,Қалалық электр желілерінің шебері болып жұмыс істеді. "Октябрьский" қой шаруашылығы совхозының жұмысшысы, электромонтеры, Панфилов ауданының Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Панфилов ауданы әкімінің әлеуметтік қорғау, жастар, туризм және спорт мәселелері жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы,
Панфилов ауданы әкімінің орынбасары, "Жаркент" шағын және орта бизнесті қолдау қорының төрағасы, Панфилов аудандық экономикалық және әлеуметтік даму қоры төрағасының орынбасары, Панфилов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, Панфилов ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының орынбасары,"Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, "Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ басшысы," Нұр Отан"партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылдың наурыз айынан - "АМАНАТ"партиясы Панфилов аудандық филиалының жауапты хатшысы.