Әкім Талгат Арунаны жеңісімен құттықтады

Әкім Талгат Арунаны жеңісімен құттықтады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Менің сүйікті ұстазым" атты республикалық байқауда жеңімпаз атанған кішкентей бүлдіршін Талғат Арунаны қабылдадым.

Әулиеағаш ауылындағы орта мектептің 2 сынып оқушысы Аруна бұған дейін де облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарды иеленген. Білімді, алғыр бүлдіршінмен танысып, арманын сұрадым.
Үздік оқушы атынып, еліме қызмет етсем дейді. Қандай мақтаныш.
Үлгілі, өнегелі, білімді етіп тәрбиелеген ата-анасы мен ұстаздарына алғысымды білдіремін.