Алматы облысының Панфилов ауданында ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Алматы облысының Панфилов ауданында ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2021 жылы 25 шілдеде төрт сайлау округі бойынша Панфилов ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес ауылдық округтер әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары сайлау нәтижелерін анықтады:

Бірлік сайлау округі Бірлік ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 3830 азамат енгізілді, оның 89,7% дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 39, «бәріне қарсы» - 154.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Әлпейісов М.М. – 7,3 %; Мұхаметжан Д.С. – 72,3%; Саттыбаев Қ.Ж – 14,7%.

Бірлік ауылдық округінің сайланған әкімі Мұхаметжан Дидар Сембекұлы, 1985 ж.т., «Панфилов ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

Үлкеншыған сайлау округі Үлкеншыған ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 7131 азамат енгізілді, оның 78,1% дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны - 89, «бәріне қарсы» - 9.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Касенов А.Р. – 14,6%; Нургисаев З.Н. – 34,2%; Орманбеков Ж.Ж – 14,7%, Тумакбаев Е.А. – 34,8%.

Үлкеншыған ауылдық округінің сайланған әкімі Тумакбаев Еділ Асанұлы, 1991 жылы туған, Бірлік ауылдық округі әкімінің орынбасары, Панфилов ауданы, Үлкеншыған ауылында тұрады, өзігнөзі ұсынған.

Үшарал сайлау округі Үшарал ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 3581 азамат енгізілді, оның 74,2% дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 27, «бәріне қарсы» - 95.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Дәукенов Қ.Д. – 0,6 %; Жанғазиев Т.Т. – 56,2%; Қожаханов А.Ж.– 42,1%.

Үшарал ауылдық округінің сайланған әкімі Жанғазиев Таңатар Тілеубергенұлы, 1978 ж.т., Үшарал ауылдық округінің әкімі, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Шолақай сайлау округі Шолақай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 3084 азамат енгізілді, оның 75,9% дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 23, «бәріне қарсы» - 8.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Абдували А.Е. – 7,1 %; Арсаламов А.А. – 51,5 %; Қоспағаров Қ.У. – 0,6 %, Туленгитов Б.М. – 30,3%, Тұмабаева А.А. – 9,1 %.

Шолақай ауылдық округінің сайланған әкімі Арсаламов Айдос Айтбекұлы, 1973 ж.т., ШЖҚ «Панфилов Су құбыры» МКК директоры, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

Панфилов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі шешімімен сайланған Панфилов ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін 2021 жылғы 26 шілдеде тіркеді.

Панфилов аудандық сайлау комиссиясының ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

2021 жылы 25 шілдеде төрт округ бойынша ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. 17626 азамат сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілді, оның ішінде 14005 (79,5%) дауыс беруге қатысты.

Әкімге үміткерлер саны - 15 адам. Барлық 4 округте әкімдер сайланды. Оның ішінде үсынған: «Nur Otan»  саяси партиясы - 2 адам, өзін-өзі ұсыну бойынша - 2 адам.

Панфилов аудандық сайлау комиссиясы.