Халық санағының дайындық кезеңі аяқталды

Халық санағының дайындық кезеңі аяқталды

Панфилов ауданында халық санағының дайындық кезеңі аяқталуда. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап әрбір елді мекенде халық санағының интервьюерлері халық тұратын барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды аралап шықты, мекен-жай деректері нақтыланды және редакцияланды және елді мекендердің картографиялық материалдары өзектендірілді. Алынған деректерді жинау және өңдеу планшеттегі "аудандастыру" автоматтандырылған жұмыс орны мен "аудандастыру үшін деректерді жинау" мобильді қосымшасының көмегімен жүргізілді. Жұмыстар 1-маусымда басталып, а. ж. 30 маусымында аяқталды. Панфилов ауданында жұмыстарды жүргізу үшін 9 уәкіл,4 нұсқаушы-бақылаушы және 27 интервьюер жұмысқа тартылды. Уақытша қызметке тартылған санақ қызметкерлері жиналған ақпаратты енгізуге арналған арнайы мобильді қосымшадағы планшетте жұмыс істеуге оқытылды. Санақ қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Дала жұмыстары кезінде санақ қызметкерлерінің қауіпсіздігін жергілікті полиция қызметкерлері қамтамасыз етті. Дайындық кезеңінің қорытындысы бойынша аудандастыру, яғни қыркүйек-қазан айларында санақтың негізгі кезеңін одан әрі өткізу үшін ауданда дайындық жұмыстары жүргізілді.        

Аудандық статистика басқармасының басшысы Б А Қасенова