ҚАЗАҚСТАНДА ӘР КІМ МАҢЫЗДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӘР КІМ МАҢЫЗДЫ

        2021 жылы  Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағын өткізу уақыты мен кезеңі Қазақстан Үкіметінің  2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейнгі кезең аралығында өтеді.

       Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Премьер – Министірінің өкімімен, Премьер – Министірінің бірінші орынбасарының басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Іс-шаралар жоспары бекітілді.         Өткізілетін ұлттық санаққа арнайы санақтың логотипі мен ұраны жасалып  бекітілді. Логотип санақшылардың реквизиттарында, билбордтарда, баннерлерда, жарнамалық компанияларда, кеңсе тауарларында, сонымен қатар халық санағының барлық іс-шараларында қолданылады.

      Санақ  ұраны: ҚАЗАҚСТАНДА ӘР КІМ МАҢЫЗДЫ! В КАЗАХСТАНЕ КАЖДЫЙ ВАЖЕН !

      «2021 жылғы халық санағы»  логотипі  шанырақ астындағы халықтар бірлігі мен отбасылық құндылықтарды бейнелейді, көтерілген қолдар «адамдар бейнесі» іс шараның ашықтығын, қауіпсіздігін және маңыздылығын білдіреді.

 2021 жылғы Ұлттық халық санағы екі кезеңнен турады.

 Бірінші кезеңі осы жылы маусым айының 1 мен 30 аралығында интервьюерлер тұрғын үйлер  және тұрғын емес үй-жайлардың, сондай-ақ ондағы тұратын тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елді мекенді аралап шығады. Бұл кезеңде аудандастыруға дайындық жүргізіледі. Санақтық аудандастыру – бұл өңірдегі әрбір елді мекеннің аумағын негізгі санақ өткізу үшін нұсқаушылық және есеп учаскелеріне бөлу.

Бүгінгі күні Панфилов ауданы  бойынша халық санағының 1 кезеңін өткізу үшін 9 нұсқаушы- бақылаушы және 27 интервьюерлер лауазымына штаттан тыс қызметкерлермен келісім-шарт жасалып жұмысқа тартылып олармен оқыту семинарлары өткізілді. Нұсқаушы-бақылаушылар 25 мамырдан бастап 8 шілдеге дейін  45 күн , ал интервьюерлер 1 нен -30 маусымға дейін 30 күн жұмыс істейді.

     Сонымен, Кезекті Қазақстан Республикасы халқының  ұлттық санағын Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестегі мемлекет басшысының цифрлық технологияларды максималды қолдану тапсырмасына сәйкес және  COVID-19 эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін, 45 күн онлайн форматта, ал 1-30 қазан аралығында планшетпен интервьюерлер аралайды.  Және  31-қазаннан 7 қараша аралығында бақылау жұмыстары жүргізіледі, респонденттердің 10%-ын  аралап, деректердің қамтылуы мен дәйектігін тексеру үшін.

       Өткізілетін Ұлттық санақтың жаңалығы заманауи цифрлық технологиялар және процестерге автоматтандыру  енгізу болып табылады. Халықтың деректерін жинау процессі жоғарыда айта кеткендей екі әдіспен жүргізілетін болады.  Бірінші әдіс -sanaq.gov.kz мамандырылған веб-сайтында виртуалды көмекшінің көмегімен респонденттер,  санақты өз бетінше өзіне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік беретін интернет-сауалнама арқылы өтеді. Жоғарыда аталған сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегінен қазан айының 15-не дейін тәулік бойы жұмыс істейді.

       Екінші түрі ол,  санақты онлайн режимде  өтпеген репонденттер арасында жалпылама  түрде  электронды планшетпен  интервьюерлер өткізеді. Бұл екі турлі әдістер  санақ қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге,  ЖСН қолдана отырып алынған деректерге адам факторының әсерін барынша азайтуға, халық санағы деректерінің сенімділік деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңсе тауарларын үнемдеуге мүмкіндік береді.                     

               

              Санақ парақтарына қысқаша тоқталсақ, негізі 4 сауалнамадан тұрады, 87 сұрақ қойылады. Ондағы 67 сұрақ- негізгі және оған қосымша 20 нақтылаушы сұрақ бар. Негізгі сұрақтардан басқа көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілді.

                   Санақ кезінде халыққа санақ бойынша туындаған сұрақтарға «1446» нөмеріне стационарлық нөмірлерінен, 88000800878 ұялы байланыс операторларынан ақысыз телефон арқылы онлайн-кеңес беру қарастырылған. Респондент Call-центрға  белгілі бір сұрақтар бойынша хабарласқан кезде аймақтар мен Бюроның орталық аппаратымен   қосылуы автоматтандырылған  түрде жүзеге асырылады.

Аудандық статистика басқармасынын

жетекші маманы Жарманова Ж.Б.