Жаңа технологияларды енгізу арқылы шығындар бірнеше жылда өтеледі...

Жаңа технологияларды енгізу арқылы шығындар бірнеше жылда өтеледі...

2021 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Қылышбаев, Сұлтан Дүйсембинов Алматы облысының Панфилов ауданында болды. Сенаторлардың аралаған алғашқы нысаны заманауи технологияларды пайдалана отырып, «Көктал Агро» ЖШС жүгері егу барысымен танысу болды. Депутаттар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін заманауи технологияларды енгізудің тікелей пайдасы бар екенін атап өтті, өйткені бұл дақылдардың шығымдылығын және оларды өсірудің табыстылығын 2-3 есе арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды енгізу арқылы шығындар бірнеше жылда өтеледі.

«Көктал Агро» ЖШС басшысы және жұмыскерлерімен кездесу барысында Сұлтан Дүйсембинов олардың аудандағы ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Ауыл шаруашылығы экономиканың ең қуатты салаларының бірі болып табылады. Еліміздің әр аймағында ауа-райы мен географиялық жағдайлар белгілі бір дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Көктал Агро» ЖШС-нің 1150 басқа арналған сүт-тауар фермасының жұмысын көрді. Депутаттар Қазақстандағы сүт және ет өндірісінің даму жағдайына тоқталып өтті.

Ары қарай Панфилов ауданы Айдарлы ауылындағы «Жаркент-Жеміс» ЖШС-нің жеміс-жидек бағында болып, «Жаркент Жеміс» ЖШС-нің бау-бақша шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі туралы ақпаратпен таныстырылды.