Достар, 12 сәуірден, яғни бүгіннен бастап - www.hscbk.kz сайтында "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы қуана хабарлаймыз.!

Достар, 12 сәуірден, яғни бүгіннен бастап - www.hscbk.kz сайтында "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы қуана хабарлаймыз.!

ТЕК ОНЛАЙН, БАНККЕ КЕЛУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ!!!

Келесі санаттар бойынша әкімдікте кезекте тұрған азаматтар қатысуға өтінім бере алады:

- көпбалалы отбасы;
- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
- толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек).

Өтініш беру үшін:
- www.hscbk.kz сайтына кіру керек;
- сайттың басты бетінде немесе Қолжетімді баспана бөлімінде - "Бақытты отбасы" тармағын таңдап – өтініш жіберу пернесін басыңыз;
- пайда болған терезеде ЖСН және телефон нөмірін енгізу керек;
- өтінім беруді смс-хабарламада келген кодпен растау қажет;
- өтінімді растағаннан кейін, өтінім нөмірі бар СМС – хабарлама келеді, міндетті түрде сақтап қойыңыз.

Сайт арқылы өтінімдер 26 мамырға дейін қабылданады.

Бағдарлама бойынша отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы 3,1 ең төменгі күн көріс деңгейінен (106 336,2 теңге) аспауы тиіс.

Барлығы екі тізім тағаындалады (27 - мамырдан кейін):

- негізгі тізім (бағдарлама бойынша өткен және банкке төлем қабілеттілігін растауға шақырылатын қатысушылар);

- резервтік тізім (егер негізгі тізімдегі қатысушы төлем қабілеттілігін растай алмайтын болса немесе қатысудан бас тартатын болса, резервтік тізімнен келесі қатысушылар кезек тәртібімен төлем қабілеттілігін растауға шақырылатын болады).

❗ ❗ ❗ Мемлекеттік бағдарламаларға тек бір рет және тек бір бағытта бойынша қатысуға болады!

Әрбір қазақстандық отбасы баспаналы болсын!
Құрметпен, Сіздің Отбасы Банк.