Кезекті Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын ағымдағы жылдың 1 қазан мен 30 қазан аралығында, планшетпен үй-үйді жаппай аралау және Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестегі мемлекет басшысының цифрлық технологияларды максималды қолдану тапсырмасына сәйкес және COVID-19 эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, онлайн режимінде 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізіу жоспарланып отыр.
Ұлттық санақты өткізу үшін, Ұлттық статистика бюросы көптеген дайындық жұмыстарын жүргізіп келеді.
2019-2020 жылдары халық санағына дайындық жұмыстары жүргізілгенімен, қазіргі кезде қалалар мен ауылдық елді мекендерде мекен-жайы және көшелердің атаулары, үйлердің, басқа да ғимараттардың нөмерлері жоқ. Мекен-жай тіркеліміндегі ақпараттар жаңғыртылмаған, қайталанған көше аттары, үйлердің нөмірлерінің жоқтығы, жаңа салынған ғимараттар, соның ішінде үйлер тіркелімге енгізілмеген,осы аудандағы санақты ұйымдастыратын жұмысшы тобының бірінші отырысында қаралды.
2020 жылы бізге электронды түрде карта ұсынылды, одан бері өзгерістер болуда, яғни үйлер, ғимараттар салынуда, бұзылған ғимараттар бар шығар сондықтан санақты сапалы өткізу үшін жаңартылған картографиялық материалдарды (электронды түрде), қайта қарауға 15 сәуірге дейін ауыл,қала әкіміне тапсырма берілді.
Өткізілетін Ұлттық санақтың жаңалығы заманауи цифрлық технологиялар және процесстерге автоматтандыру енгізу болып табылады. Халықтың деректерін жинау процесі енді екі жолмен жүргізілетін болады. Бірінші әдіс -sanaq.gov.kz мамандырылған веб-сайтында виртуалды көмекшінің көмегімен респонденттер, қай жерде жүргеніне қарамастан, санақты өз бетінше өзіне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік беретін интернет-сауалнама жүргізіледі. Жоғарыда аталған сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегінен қазан айының 15-не дейін тәулік бойы жұмыс істейді.
Екінші түрі ол, санақты онлайн режимде өтпеген репонденттер арасында жалпылама түрде электронды планшетпен интервьюерлер өткізеді. Бұл екі түрлі әдістер санақ қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге, ЖСН қолдана отырып алынған деректерге адам факторының әсерін барынша азайтуға, халық санағы деректерінің сенімділік деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңсе тауарларын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін,45 күн онлайн форматта, ал 1-31 қазан аралығында планшетпен интервьюерлер аралайды.