Статистикалық нысан іріктемеге түскен әрбір жеке үй шаруашылығына немесе үй шаруашылығының туысқандық қатынаста тұрмайтын мүшелеріне толтырылады. Статистикалық нысанның бір бланкісіне әртүрлі үй шаруашылықтарына жататын респонденттер жөніндегі ақпарат жазбаларын, тіпті олар бір үйде бірге тұрса да, біріктіруге болмайды. Егер бір мекенжайда екі немесе одан да көп отбасы тұратын болса, онда респонденттің келісімі бойынша екі отбасының біреуімен сұхбат жүргізіледі. Статистикалық нысанды мынадай себептер бойынша болмаған респонденттерге: оқу орындары бойынша тұратын барлық оқу мекемелерінің студенттері мен оқушыларына; басқа елді мекендерде немесе шетелдерде (алты ай және одан да көп уақыт) іссапарда жүргендерге; казармалар мен әскери аймақтарда тұратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге; емделіп жатқандарға (алты ай және одан да көп); қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тұратын, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталғандарға; зерттеу аптасына дейін алты ай және одан көп бұрын кеткендердің бәріне толтырмайды. Титул парағының «Аумақтың атауы» 1-тармағында облыстың (қаланың), ауданның (қаланың) және ауылдық елді мекеннің атауы көрсетіледі. Статистикалық нысан 15 жас және одан асқан жастағы респонденттерге толтырылады. Интервьюер респонденттердің әрқайсысына реттік нөмір береді. Егер үй шаруашылығында репонденттің саны 5 адамнан асса, онда осы үй шаруашылығына екі немесе одан көп статистикалық нысан бланкісі толтырылады, олардың титулдық бетіне «Жалғасы» деген белгі соғылады. Бұл статистикалық нысандардағы респонденттерге нөмірлер тізбектік тәртіппен беріледі. Барлық жауаптар респонденттердің сөздерінен жазылады. Растаушы құжаттарды көрсету талап етілмейді. Статистикалық нысанның қойылған сұрақтарына жауаптарды тікелей респонденттердің өздері немесе бірге тұратын15 жастан асқан респонденттер береді, Сұхбатты аяқтаған соң, интервьюер сұрақтардың қалып кетпегендігіне көз жеткізу үшін статистикалық нысанды тексереді. Интервьюер үй шаруашылығынан тыс жерде статистикалық нысанды қайта қарап шығады. Егер сәйкессіздік тапса, интервьюер үй шаруашылығына қайта хабарласады (жеке немесе телефонмен) және жетпей тұрған ақпаратты анықтайды.
Панфилов аудандық статистика басқармасы жетекші маманы Альбосунова Г.Н.