ЖШС-ны тарату жолдары

ЖШС-ны тарату жолдары

🔑Еgov.kz арқылы:
📌Порталға кіріңіз, порталдың «Бизнеске», «Бизнесті тіркеу және дамыту», «Бизнесті тіркеу және жою» тармақтарына өтіп, «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» қызметіне онлайн тапсырыс беріңіз.
📌Портал талап екен деректерді толтырып, қажетті құжаттарды тіркеп, ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз.

Есіңізде болсын❗️
☝️Порталға жүктелетін құжаттардың скан көшірмелерін алдын ала дайындап алуды ұмытпаңыз.
☝️ Бұл қызметті жүзеге асыру үшін порталға ЖШС басшысының ЭЦҚ-сымен кіру керек.

🔑ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін:
📌Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз.
📌ХҚО операторы арқылы заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеуге өтініш беріңіз.

📍Қажетті құжаттар тізімі (портал үшін де, ХҚО үшін де)
📎меншік иесінің немесе құрылтайшылар жиналысының мөрімен бекітілген шешімі;
📎ЖШС таратылатындығы туралы жарияланған хабарлама бар газет көшірмесі;
📎ЖШС-ның мөрін жойған ұйымның анықтамасы;
📎Акцияларды шығарудың күшін жою туралы Ұлттық Банктің хабарламасы (акционерлік қоғамдар үшін);
📎Филиал және өкілдікті есептен шығарған жағдайда филиал туралы өтініш және ереже;
📎Қызмет құны төленгені жайлы түбіртек.

💰Қызмет құны:
✔️ Ірі бизнес субъектілері үшін - 18382 тг;
✔️Шағын және орта бизнес субъектілері үшін – тегін.

⏰Қызмет көрсету уақыты портал арқылы да, ХҚО арқылы да 5 жұмыс күнін құрайды.

Ескерту❗️
☝️Бұл қызметке өтініш қалдыру ЖШС-ны тарату этаптарының ең соңғысы болып табылады.
☝️ҚҚС бойынша тіркелмеген, белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін арнайы режимді қолданбайтын, бұрын қайта ұйымдастырылмаған, салықтық тексеру жоспарына енгізілмеген ЖШС-лар жеңілдетілген тарату жолын пайдалана алады. Олар құжаттарды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер басқармасының бақылау үстелінен өткізумен шектеле алады.