Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдістеме "мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 – бабының 3) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру әдісін (бұдан әрі-әдістеме) айқындайды. Статистикалық әдіснаманың негізгі міндеті үй шаруашылықтары және шаруа немесе фермер қожалықтары (бұдан әрі – ШФҚ) бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін қамтамасыз ету және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға ұсыну болып табылады. Әр шаруашылық бойынша есепке алуды кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері оларға бағынысты елді мекендер бойынша жүргізеді. ЭӘШБЕА БҚ-ға ақпараттың сақталуын, уақтылы және дұрыс енгізілуін кент, ауыл, ауылдық округ әкімі қамтамасыз етеді. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері