Коронавирус инфекциясына қатысты 20 қаңтардағы ақпарат

Коронавирус инфекциясына қатысты 20 қаңтардағы ақпарат

2021 жылдың 20 қаңтарындағы мәлімет бойынша облыста КВИ-мен сырқаттанудың 8376 жағдайы тіркелген. Өңір әлі де «сары» жолақта.

Бір тәулікте індет жұқтырудың 93 дерегі анықтады. Оның 31-і - Талдықорған қаласында, 13-і - Талғар ауданында, 8-ден - Ұйғыр ауданы мен Текелі қаласында, 7-еуі - Панфилов, 5-еуі - Қарасай, 4-тен - Іле және Еңбекшіқазақ, 3-тен - Жамбыл және Көксу,  2-ден - Қаратал және Ескелді аудандарында, 1-1-ден Ақсу ауданы мен Қапшағай қаласында тіркелді.

Ауруханаларда 538 адам ем алуда, оның 31-і - ауыр халде,  364 адам амбулаториялық ем қабылдап жатыр.