VII шақырылған Панфилов аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

VII шақырылған  Панфилов аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда Панфилов аудандық мәслихаты депутаттарының бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 87603 азамат енгізіліп, олардың 67019-ы немесе 76,50-і сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 67019 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 18 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған              үй-жайдан тыс жерде 806 сайлаушы дауыс берді.

Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 21460.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы - 55307 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 82,61%;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -11206 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 16,74%;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 254 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,38%;

«ADAL» саяси партиясы – 181 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,27%.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:

«Nur Otan» партиясы-15 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-3 мандат;

Аудандық сайлау комиссиясы