Этика, мүдделер қақтығысы және мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігі» тақырыбында жиын өтті

Этика, мүдделер қақтығысы және мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігі» тақырыбында жиын өтті

Этика, мүдделер қақтығысы және мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігі» тақырыбында жиын өтті*
2026 жылғы 10 шілде күні Панфилов ауданында «Этика, мүдделер қақтығысы және мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігі» тақырыбында жиын өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Т. Манап және Жетісу облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ. Тұрсынбай қатысты.
Жиынды Панфилов ауданының әкімі Сағымбек Марат Рахымбердіұлы жүргізді.
Жиынға аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің басшылары мен мемлекеттік қызметшілері, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары және түрлі сала өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп қағидаларын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын нығайту, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыру мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасы, азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті, қызметтік тәртіпті сақтау және мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы беделін арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, мемлекеттік қызметте заңдылық пен әдеп қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.