
«Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2026 жылдың 26 маусымынан жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде «Тұрғын үй сертификаттарын беруге» өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлайды.
Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 7-44 шешіміне сәйкес, Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі:
Санаттар бөлінісінде:
1 Облыстың аудан (қала) әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда еңбек қызметін жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы педагогтар;
2 Денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері;
3 Облыс аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
4 Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген ипотекалық бағдарламалары, Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға ниет білдірген азаматтар жатады.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына» сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді.
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне беріледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері берген жағдайда, оларды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.