Алматы облысының кәсіпкерлері бизнесті дамыту үшін жеңілдетілген несие ала алады

Алматы облысының кәсіпкерлері бизнесті дамыту үшін жеңілдетілген несие ала алады

«Даму» Қоры «Жетісу» шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасы аясында Алматы облысында іске асырылып жатқан жобаларды қаржыландыру үшін «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на 500 млн теңге салды.

Бағдарламаның шарттары:

- сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 7%-дан аспайды;

- несие мерзімі - 84 айға дейін;

- несие мақсаттары - инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, қарыздарды қайта қаржыландыру;

- бір ШОКС қолына тиетін максимал сомасы - 150 млн теңгеден аспау керек.

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысатын ШОКС «Бизнестің жол картасы -2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қорынан кепілдіктер ала алады

Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Даму» Қорының Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 86 мекенжайы бойынша орналасқан филиалына, 8-7282-55-87-10; 8-7282-55-87-11 телефондары арқылы немесе online.damu.kz/ сайтында білуге болады.