
28 Наурыз 2026 жылы Панфилов ауданында “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. “Таза өлке” бағыты бойынша елді мекендерде ұйымдастырылған сенбіліктерге жалпы саны 1300 адам қатысып, 15 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 120 тонна қоқыс шығарылып, қоршаған ортаны көркейту мақсатында 1340 ағаш көшеті отырғызылды.
Сонымен қатар аудан аумағындағы туристік маңызы бар нысандарда да тазалық жұмыстары қарқынды түрде атқарылды. Атап айтқанда, «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейінің аумағы, “Жаркент-Арасан” шипажайы және “Киелі ағаш” орналасқан аумақтар толықтай тазартылып, келушілерге қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізілді.
Бұл шаралар аудан тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға және табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.