Жаркент қаласындағы “Белсенді ұзақ өмір орталығы” 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әже-апаларымызға арнап керемет шара өткізді

Жаркент қаласындағы “Белсенді ұзақ өмір орталығы” 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әже-апаларымызға арнап керемет шара өткізді

Жаркент қаласындағы “Белсенді ұзақ өмір орталығы” 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әже-апаларымызға арнап керемет шара өткізді.
Бұл жер егде жастағы зейнетке шыққан тұрғындарға белсенді ұзақ өмір, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс бағытында қызмет көрсетеді. Бұл жерде 450-ге жуық зейнет жасындағы тұрғындар қызмет алуда.
Үлкен кісілер бос уақыттарында осында келіп сырласып, оңалту гимнастикасы, жаттығу залы, ұлттық интелектуалдық ойындар, үстел теннисі, сауықтыру биі сынды үйірмелерге қатыса алады.
Мерекелік шара барысында әжелерімізге Алғыс хат табыстап, құттықтау лебізімді жеткіздім. Социалистік Еңбек Ері Күләш апамыз да қатысып, орталықтың игі істеріне алғысын жеткізді.
Апа-әжелерімізге арнап қарияларымыз өз өнерлерін көрсетіп, ән күймен шараның көрігін қыздырды.