Бүгін Панфилов аудандық ардагерлер ұйымының XIII конференциясын өтті

Бүгін Панфилов аудандық ардагерлер ұйымының  XIII конференциясын өтті

Бүгін Панфилов аудандық ардагерлер ұйымының XIII конференциясын өтті.

Конференция барысында аудандық ардагерлер ұйымының атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, ұйымның жаңа құрамын сайлау тағы басқа мәселелер қаралды.
Ауданымыздағы осы ұйымның төрағасы болып Тоқтарбай Әкімұлы жұмыс істеп келеді. Өңірде зейнет жасындағы 14 мыңнан астам қария ата-әжелерімізбен жұмыс жүргізу жауапты әрі күрделі іс. “Қарты бар елдің қазынасы бар” деген. Ауданымыздың дамуы мен білім, тәрбие түрлі саласында жемісті еңбек етіп, зейнет жасына шыққан қарияларға әркез қолдау көрсетіліп келеді. Жиын барысында қала және ауылдық округтердегі ақсақалдар мен қоғамдық ұйым басшыларына арнайы Алғыс хат, мерейтойлар қарсаңындағы марапаттар тапсырып, құрмет көрсеттік.

Осы ақсақалдарымыз бен әжелерімізге әрдайым қолдау көрсетіп, “Жаркент-арасан” санаториясына тегін жолдама беріп ем алуға мүмкіндік жасаған кәсіпкер, Серік Мұқашұлы- ҚР
Мәдениет және ақпарат министрлігінің
“Қайырымдылық үшін” төсбелгісімен марапатталды.
Конференция аясында Тоқтарбай Әкімұлы ардагерлер ұйымының атқарған жұмыстарына тоқталып, жоспарларымен бөлісті. Бұл ұйым әр мереке кездері түрлі ұлттық интелектуалды спорттық және мәдени шаралар өткізіп, ұрпақ тәрбиесінде ерекше игі істер жасап келеді.
Бекітілген кесте аясында ауылдарды аралап, ата-әжелеріміздің пікір ұсыныстарын тыңдау, туған күн басқа да айтулы мерекелерде құттықтау, құрмет көрсетілуде.
Жиында ардагерлерге осы атқарған жұмыстарына алғысымды жеткізіп, ауданымыздағы тың жаңалық, жоспарларымызбен бөлістім.