Аmanat” партиясы Жетісу облыстық филиалының саяси кеңес бюросы мен Панфилов аудандық фракция отырысының жиыны өтті

Аmanat” партиясы Жетісу облыстық филиалының саяси кеңес бюросы мен Панфилов аудандық фракция отырысының жиыны өтті

Аmanat” партиясы Жетісу облыстық филиалының саяси кеңес бюросы мен Панфилов аудандық фракция отырысының жиыны өтті.

Фракция отырысында мәслихат депутаттарының есебі мен бекітілген жоспарларын таныстыру, басқа да жұмыстарды баяндау күн тәртібінде қаралды. Жиынға ҚР Парламен мәжілісінің депутаты Болат Бақбергенұлы, “Аmanat” партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы басқада облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ауданымыздың түрлі қоғамдық ұйымдары, мекеме басшылары және тұрғындар қатысты.

Аудан әкімі Марат Сағымбек өңірде өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, жоспарларымен бөлісті.
“Жалпы өңірде атқарып жатқан жұмыстар мен түрлі салынып жатқан нысандарға депутаттар әрдайым қадағалау жасап, қолдау көрсетіп келеді. Қаржылық бақылау, нысандардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қадағалау сынды әрдайым мониторинг жүргізіп отырады” деп атап өтті аудан басшысы.

Депутаттар бұдан бөлек партиялық бағдарламаға сай тұрғындармен кездесіп, арыз, өтініш, мәселелерін шешуге жәрдемдеседі.
Жиында осы бағытта жұмыстарды жандандыру қажеттігі тапсырылды.
Бұдан соң депутаттар бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармер жекелеген қабылдау жасады.