Жаңа жыл қуаныш пен бақыт әкелсін!

Жаңа жыл қуаныш пен бақыт әкелсін!

Жылдағы дәстүр бойынша ауданымыздағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған “Ғажайыпқа толы-Жаңа жыл” атты аудан әкімінің мерекелік кеші өткізілді. Салтанатты шараға қатысқан барша балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар үлестіріліп, мерекелік құттықтауымды жеткіздім. Күні кеше облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы ауданымыздағы балаларды құттықтап, мемлекет басшысының атынан арнайы сыйлықтар табыстаған болатын.

Бүгінгі мерекелік шара соның жалғасы ретінде ауқымды аталып өтті. Оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетіп, балалармен бірге көңілді би биледік. Жалпы бүгінгі шараға ауданымыздан 84 оқушы қатысты.
Шара барысында түрлі қызықты шоулар мен жаңа жылдық кейіпкерлердің өнерлерін тамашаладық.
Осы шараны ұйымдастырған білім бөлімі мен барша ұстаздар қауымына шынайы алғысымды білдіремін.

Барша бүлдіршіндер көңілді, әрдайым қуанышты ортада жарқырап жүре бергей!