
Мемлекеттік қызмет аясында.
Мемлекеттік қызметтің әдептік және құқықтық аспектілерін талқылау бойынша кездесулер өткізу бастамасы жергілікті атқарушы органдары жұмысының тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелері бойынша түсіндіру семинар-конференция өткізді.
Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әдептілік стандарттарын сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау және қызметтік қызмет шеңберінде ықтимал бұзушылықтардың алдын алу болды.
Қазіргі заманның мемлекеттік қызметшілері қоғам тарапынан қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, себебі олардың басты міндеті – азаматтардың қоғамдық мүдделері үшін қызмет ету болып табылады деп отырыс-кездесуде айтылды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің мемлекет тұрақтылығының кепілі екені сөзсіз. Олар ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін, халықтың барлық топтарына ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етеді, адалдықтың, әділдіктің және кәсіпқойлықтың үлгісі болып табылады.
Әрбір қазақстандық мемлекеттік қызметші өз қызметінде мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық қағидаларын реттейтін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін басшылыққа алуға міндетті. Кодекске сәйкес, олар жоғары кәсіби, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға тиіс. Әдептілік - өркениетті қоғамның адамгершілік қағидалары екенін есте ұстаған жөн.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге 2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Мемлекеттік қызметті дамутыдың 2024-2029 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы бекітілгендігі жеткізілді. Тұжырымдама 3 негізгі бағытты қамтиды. Біріншісі, мемлекеттік қызметтін сервистік моделін қалыптастыру, екінші мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, үшіншісі Эйчар процестерді басқару және цифландыру. Тұжырымдаманы іске асыру аясында Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасы әзірленетін болады. Жаңа заң жобасымен мемлекеттік аппараты кәсібилендіру мақсатында іріктеу жүйесін жаңғырту, ерте кәсиби бағдарлау механизмдерін енгізу, горизонталды өсу мүмкіндіктерін қарастыру, қызметшілерге әлеуметтік кепілдіктерді жақсарту және еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру мәселесін қайта қарау жоспарланып отыр. Осыған орай 70-ге жуық заңға тәулді нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу күтілуде деген ақпарат айтылды.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығын арттырып қана қоймай, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілерді заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы үнемі хабардар ету үшін осындай іс-шараларды тұрақты өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Аталған бағыттағы жұмыстарды нәтижелі жүзеге асыру айрықша маңызды. Мемлекеттік қызметшілерге құқықтық ақпарат жеткізу жөніндегі жұмысы мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті