
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлттық ономастика – Ел айнасы» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы аудандық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын нығайту, өңір тарихын кеңінен таныту, ономастика саласындағы жұмыстарды жетілдіру және ел топонимикасына құрметті дәріптеу.
🏆 Байқау нәтижелері:
Бас жүлде: Басқұншы ауылдық округі
I орын: Бірлік ауылдық округі
II орын: Талды ауылдық округі
III орын: Көктал және Атамекен ауылдық округтері
🔸 Ынталандыру жүлделері:
Қоңырөлең ауылдық округі, Жаркент қаласы, Сарыбел ауылдық округі
🔸 Белсене қатысқандары үшін:
Үлкенағаш, Айдарлы, Үлкеншыған, Үшарал ауылдық округтері
Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз! 🇰🇿✨