Республика күні қарсаңында Үлкеншыған ауылында 150 орынды балабақша ашылды

Республика күні қарсаңында Үлкеншыған ауылында 150 орынды балабақша ашылды

 

 

 

Республика күні қарсаңында Үлкеншыған ауылында 150 орынды балабақша ашылды.

 

“Келешек” атты бөбекжай үш қабатты, заманауи әрі білікті мамандармен толықтырылған.  40-қа жуық қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылып, мерекеге орай салтанатты түрде лентасы қидық. Бұндағы 6 топта тәрбиеші педагогтар мен логопед, медициналық қызмет басқа да көмекші мамандар еңбек етеді.

Балабақшаның ашылуына Социалистік Еңбек Ері Күләш апамыз қатысып, ізгі тілегін жолдады. Жаңа ғимаратты аралап, бүлдіршіндердің 25 қазан-Республика күніне арналған алғашқы сабақтарына қатыстық.

Балабақшаны ашқан жеке кәсіпкер Көншібаева Фарида Нұрмұхаметқызына тұрғындар атынан алғыс білдіріп, құрмет көрсеттік.

 

Әр мереке сайын ауданымызда түрлі әлеуметтік нысандар ашылып, халықтың игілігіне берілуде. Бұл біздің аудан тұрғындарының сапалы өмір сүруі мен қолайлы түрлі қызмет алуына жасалынып жатқан қадамдар. Жеке кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан да қолдау көрсетіліп, игі істердің басталуына сеп болуда. Бұйырса мерекеге орай ауданымызда әлі де бірқатар нысандар ашылатын болады.