Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің құқықтық сауаттылығын жақсарту мақсатында 2020 жылдың 30 қыркүйегінен бастап ауданда «Сайлау процесінің құқықтық негіздері және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында электораттық оқыту өткізілуде.
Ауданда сайлау жүйесіне 506 адам тартылған. Оның ішінде 7-уі аудандық, 499-ы учаскелік сайлау комиссиясында.
Начало формы
Электораттық оқыту каскадтық әдіспен жүргізілуде. Яғни аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кәсіби босатылған негізде жұмыс істеп отырған 2 мүшесі Алматы облыстық сайлау комиссиясында оқытылды. Олар өз кезегінде аудандағы учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларын, орынбасарлары мен хатшыларын оқытуда. Төрағалар тиісінше өзінің комиссия мүшелерін оқытады.
2020 жылдың 30 қыркүйегі мен 13 қазаны аралығында аудандағы Пенжім, Алтыүй, Үлкеншыған, Тұрпан, Жерұйық, Үшарал, Көктал, Айдарлы ауылдарында оқыту семинарлары өтті. Осы аралықта 40 учаскелік сайлау комиссиясының 136 мүшесі оқытылды. Оқытуға төраға, орынбасар, хатшылармен бірге комиссияның тілек білдірген басқа да мүшелері қатысты.
Семинардың соңында қатысушыларға сайлау процесі кезінде кездесетін әртүрлі ситуациялық сұрақтар қойылды.