Мәртебелі ұстаз - ел мерейі!

Мәртебелі ұстаз - ел мерейі!

 

 

Мәртебелі ұстаз - ел мерейі!

 

Аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтті. Білім мен парасаттың, еңбек пен төзімнің, мейірім мен жанашырлықтың символына айналған Мұғалімдер күні ең қастерлі мерекенің бірі.

Мұғалім болу – жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен жауапкершілік пен асқақ арманды арқалаған өмірлік жол. Шәкірт жүрегіне нұр құйып, бала болмысына білім мен тәрбие дәнін себу – кез келген жанның қолынан келе бермейтін мәртебелі міндет. Бүгінде ауданымызда 3420 мұғалім 27 мыңнан астам оқушыларға білім нәрін беруде.  Мемлекет басшысы және облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлының қолдауымен ауданымызда білім саласында кешенді түрде мектеп ғимараттары жаңартылып, оқушылар мен ұстаздарға барынша жағдай кезең-кезеңімен жасалуда.

 

Биылғы жылғы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өткізген еліміздегі үздік 100 мектептің қатарына Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі енді.

Сондай-ақ, облыс бойынша өткізілген «Үздік ауыл мектебі - 2025» байқауында Үшарал орта мектебі жүлделі ІІІ орын, «Жетісу ұстазы - 2025» байқауына Алтынсарин атындағы орта мектебінің химия пән мұғалімі Иманбаева Аяулым Батыргалыевна ІІІ орынды иеленсе,«Үздік сынып жетекші-2025» байқауында  Крылов атындағы орта мектебінің  мұғалімі Жумабекова Арай Динмухамедовна  І орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

 

Сапа мен білім бар жерде жетістік те, қолдауда бола береді. Сондықтан бүгінгі салтанатты шарада барша ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсеттік. Ардагер ұстаздарымызға алғыстарымызды білдіріп, ізгі лебізімді жолдадым.

 

Шара барысында енді ғана еңбек жолын бастап, ұстаз мәртебесіне ие болған жас мамандарға дәстүр бойынша еңбек кітапшасын тапсырып, ағартушылық жолдарындағы қадамдарына ақ жол тіледім.

 

Мереке құтты болсын!