Жас сайлаушылар клубы құрылды

Жас сайлаушылар клубы құрылды

Жас сайлаушылар клубы құрылды

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының тапсырмасын орындау және жастардың арасында құқықтық мәдениет пен электоралдық белсенділікті арттыру, олардың сайлау үдерістеріне қатысуға деген жауапкершілігі мен қызығушылығын қалыптастыру мақсатында Панфилов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан Жас сайлаушылар клубы құрылып, Ережесі бекітілді.

Клбутың екі отырысы өтті. Алғашқы отырысында клуб төрағасы ретінде Н.Н.Головацкий атындағы орта мектептің әдеп-құқық жөніндегі менторы Ауған Бауыржан Бейбітұлын сайлады.

Клубтың негізгі мақсаты - жастарды сайлау процесін тәжірибелік зерттеуге тарту, белсенді азаматтық ұстаным мен сайлауға қатысу дағдыларын дамыту.

Клуб қызметі шеңберінде оқыту семинарларын, іскерлік ойындар, сайлау комиссияларының өкілдерімен кездесулер өткізу, сондай-ақ түрлі акциялар мен іс-шараларға қатысу жоспарлануда.