Бүгін аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы сессиясы өтті.
Сессияға Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Әбілмәжінұлы, Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ардагерлер, Аналар кеңесі, жастар өкілдері және Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қатысты.
Мемлекет басшысы Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасын аясында 2025 жылы 24 сәуірінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында көпұлтты аудандарда Ассамблея орталығын ашу қажеттігін айтқан болатын. Сол ұсыныс бойынша аудандық Ассамблея құрылып, бүгін алғашқы сессияны жасадық. Отырыста аталған ортықтың мүшелері мен негізгі бағыты айқындалды. Бұнда этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық тұрақтылықты нығайту және Ассамблея жұмысына жаңа серпін беру мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Ассамблея сессиясында “Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық этностардың құқықтарын қорғауға арналған негізгі қағидаттар көрсетілуге тиіс. Үкімет этносаралық саладағы республикалық және өңірлік жұмыс жоспарының барлығын жан-жақты сараптап, оның тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныс енгізуі қажет. Жалпы, ұлт бірлігін нығайтуда барлық мемлекеттік және қоғамдық механизмдерді жетілдіруді жалғастыру керек" деп ерекше атап өтті.
34 ұлтты ұйыстырған көпұлтты ауданымыз бүгінде бірлігі мен берекесі мығым, өзгеге өнеге ретінде дәріптелуде. Ауданымыздағы түрлі жетістіктер, жасалынып жатқан жұмыстардың барлығы татулықтың арқасы. Ынтымағы жарасқан елдің әрдайым дамуы қарқынды бола бермек. Бүгінде орталықта ұйғыр, дүнген, славян этно-мәдени бірлестіктері дәстүр мен бірлікті дәріптеп, әрбір қуанышта бірге жұмыс жүргізуде. Ежелден қонақжай Жаркент жұртшылығы аға-бауыр, құда-жекат болып, тіршілігі қайнаса өмір сүруі біздің ынтымағымыздың белгісі.
“Жұртымыз үшін ең үлкен марапат — елдің тыныштығы. Береке-бірлігімізді сақтай алмасақ, қастерлі Тәуелсіздігіміздің баянды болуы да екіталай” – деген Президенттің сөзінен артық айта алмаспыз.
Бастысы мақсат: Береке, татулық-қарыштап даму!