Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы, полиция генарал-майоры Сарқытбай Зәкірұлы бүгін аудан тұрғындарымен кездесу өткізді

Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы, полиция генарал-майоры Сарқытбай Зәкірұлы бүгін аудан тұрғындарымен кездесу өткізді

 

Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы, полиция генарал-майоры Сарқытбай Зәкірұлы бүгін аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

 

Еркін, ашық диалог форматында Атамекен ауылында тұрғындар пікірін тыңдап, полиция басшысы қоғамдағы қауіпсіздік бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, оның алдын-алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарына тоқталды. Жалпы полиция департаменті басшылық құрамы, және орынбасарлары Жаркент, Көктал,Шолақай және осы Атамекен ауылдарында кездесу өткізді.

 

Сарқытбай Зәкірұлы бүгінгі таңдағы орын алып жатқан түрлі оқыс оқиғалар мен, интернет алаяқтық, оқу маусымы кезіндегі балалардың қауіпсіздігі, мал ұрлығы сынды жалпы қоғамдағы мәселелерді оның алдын алу бағыты бойынша жан-жақты атап өтті.

Сонымен қатар, ауыл ақсақалдарына қоғамдық тәртіп пен ынтымақ келісімді нығайтуда қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, ақсақалдарға полиция департаментінің атынан Алғыс хат тапсырды.

 

Кездесуде тұрғындар жол қауіпсіздік шараларының алдын алудағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін жеткізді.

Айта кету керек, тәртіп пен қауіпсіздік ең бастысы өзіміз үшін. Оның барлығы өзімізден басталады. Жол жүру ережесін ұстану, балаларға бақылау жасап, жол ережесін үйрету басқа да қоғамдағы келеңсіз істерді болдырмау бәрі өзіміздің тәрбиеміз бен тәртібімізге байланысты.

Сондықтан жеке бастың тәртібі мен қауіпсіздігіне ең бірінші ата-ана және өзіміз жауаптымыз!