Бүгін Ата заңымыздың 30 жылдық мерекесіне орай Жаркент қаласында саябақ пайдалануға берілді.
Жаркент мешіті сәулет мұражайының алдында ашылған парктің аумағы 1450 шаршы метр. 2023 жылы біз қаланың бас жоспарына түзету енгізіп, Головацкий көшесіне яғни базар аумағына Арбат салу, мешіт алдына саябақ салу бойынша жұмыстарды бастағанбыз. 2024 жылы осы жұмыс бойынша жобасы жасалып, биыл қаржысы бөлінген болатын. Қазір Головацкий көшесінде Арбаттың құрылыс жұмысы жүріліп жатыр. Бүгін осы кешенді жоспарымыздың нәтижесі бойынша тағы бір істі аяқтап, тұрғындар игілігіне бердік.
Жалпы біздің жоспарымыз қаланы одан әрі көркейту, абаттандыру. Базар айналасын ретке келтіріп, заманауи базар,сауда орындарын салу. Қазіргі жүріліп жатқан жұмыстар осының бастамасы. Уақытша қолайсыздық туындап жатса да жұмыстар аяқталғасын бәрі ретке келетін болады. Ғасырдан астам тарихы бар мешіттің айналасын абаттандыру арқылы туристерге көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру ауданымыздың экономикалық әлеуеті үшін маңызды. Миллиондаған қаржыға салынға саябақты күтіп ұстау енді тұрғындардың еншісінде. Өздеріңіз қыдыратын, демалатын орындарды қоқысқа толтырмай, барынша дұрыс қарап ұстасақ қаламыз бұдан әрі көркейе бермек. 100 жылдан асқан мешітті бабаларымыз баптап, болашақ ұрпаққа қасиетті дұғасымен аманаттап жеткізді. Қаншама намаз, дұға оқылған киелі мешіттің бір ағашы сынбай бізге жетуі тәрбие мен берекенің нышаны. Сондықтан бүгінгі жасалынған жұмыстар болашақ жастардың алаңсыз өмір сүруіне жасалған қадам. Бұны арықарай аманаттау сіздер мен біздің міндетіміз.
Жазиралы Жаркент өңірінде соңғы күндері мерекеге орай көптеген қуаныш, жақсы бастамалар болуда. Бұл біздің ынтымағымыз, ортақ мақсатымыз бен бірлігіміздің арқасы.