Жол жолдасың Қыдыр болсын

Жол жолдасың Қыдыр болсын

Қазір Жаркент қаласының Сыпатаев және Ходжамяров көшелеріне күрделі жөндеу,  Пушкин,  Ыбыраймолдаев және Қасенов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдарға асфальт төселіп негізгі жұмыстары аяқталуға жақын. Аталған жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысып, асфальт басқада материалды қоспалардың сапасын көрдім. Жаркентте ауыр жүк көліктері көп жүруіне байланысты төселген асфальттың кепілдік мерзіміне дейін жарамды болуын ескерттім.

Қазір Көктал-Айдарлы арқылы Алматы бағытына қосылатын жолдың негізгі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сарыөзек-Көктал бағытындағы жол бұйырса күзге дейін бітетін болады. Сонымен қатар, Қойбын шатқалындағы жаңа көпірдің жұмыстарыда аяқталу кезеңіне жақындады. Осылайша ауданымызға қарасты негізгі жолдарды толық жаңартып бітірдік. Енді қала және ауыл ішілік басты жолдарға ден қойып жатырмыз. Биылдың өзінде көргендеріңіздей қаланың өзінде 5 көше жаңартылуда. Жалпы жолдарды салу, жаңарту күрделі сатылардан өтеді. Сұралатын қаржысыда ауқымды болғанына қарамастан, тұрғындар өтініші негізінде өзектілігіне қарай жолдар жаңартылатын болады.