Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қалай жүргізіледі?

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қалай жүргізіледі?

Баспаналы болдыңыз ба? Ал оны қалай заңдастырасыз? Естеріңізде болса жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеуді бұрын тек нотариустар арқылы ғана жасап жататынбыз. Қазір бұл қызметті ХҚО арқылы да рәсімдеуге болады. Сондықтан біз бүгінгі #oqy&toqy айдарымызда жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметін алудың жолын үйрететін боламыз.
📌Ең алдымен ХҚО-ға кезекті брондаңыз;
📌Брон уақытына сәйкес ХҚО тіркеу бөліміне барып талон алыңыз;
📌Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз;
📌Реттеу залына өтіп қажетті операторға құжаттарыңызды ұсыныңыз.

📍ХҚО-ға келесі құжаттарды ала баруыңыз керек:
📎Жылжымайтын мүліктің меншік құжаттары;
📎Жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты;
📎Жер телімі болса, оның сәйкестендіру нөмірі;
📎Жылжымайтын мүлікке құқылы азаматтардың нотариалды заңдастырылған келісімі;
Некеде болсаңыз, жұбайңыздың нотариалды тіркелген келісімі, некеде болмасаңыз - некеге тұрмағандығы жайлы нотариалдық құжат;
📎Егер сатушы кәмелет жасына толмаған іске қабілетсіз азамат болса, онда қамқоршы органның жазбаша келісімі;
📎Келісім-шартты жасау үшін төленген қаражаттың төлем түбіртегі.

📍Мемлекеттік БАЖ салығы 1073 теңгені құрайды.
📍Қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Баспана құтты болсын! Іске сәт!