Меню
Страницы

Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2026 жылдың І тоқсанына мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2026 жылдың І тоқсанына мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы.

2026 жылдың І тоқсанында Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 55 түрі көрсетілді (қызмет ішіндегі қызметтер 65).

2026 жылдың І тоқсанында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 3248. Оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 0;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 28;
  • қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1729;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 366;
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (ПЭП) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 783;
  • «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 342.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.

Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес                2026 жылдың І тоқсанында жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 1.

I тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 1 (Панфилов ауданының «Шолақай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ).

          І тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 1. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0.

          Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру курстарына жіберу туралы 1 ұсыныс беріліп, орындалуда.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, қағидалардың мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.

          Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, венеринария бөлімі және медициналық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы І тоқсанда 4862 қызмет алынды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтқанда:

  1. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінің орыс мәтінінде бірінші кезеңнің: 1-тармағы мен оның 1) тармақшасы, 2) тармақшасы жоқ.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы     01 тамыздағы №287 бұйрығымен бекітілген Ереженің № 1 қосымшасының           8-тармағындағы орыс тіліндегі мәтіндерін сәйкестендіру ұсынылады.

  1. «Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мемлекеттік қызметтер тізілімінде орыс тіліндегі нұсқада мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының сілтемесі көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» орыс нұсқасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сілтеме енгізу ұсынылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 2026 жылдың І тоқсанында 83 іс-шара (оның ішінде: "QYZMET LIVE" тікелей эфир – 1, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі – 2, мемлекеттік қызметтерді насихаттау акциясы –78, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру – 2) өтіп 30109 адамды қамтыды.

Аудандық «Жаркент өңірі» және «Жаркент айнасы» газеттеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 61 мақала жарияланды.

           Мемлекеттік қызметті көрсетуден қағаз түрінде бас тарту саны – 1. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.

 Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.

 

 

     Панфилов ауданы әкімі аппараты

     Мемлекеттік қызметтер мониторингі

     және ақпараттық технологиялар

     бөлімшесінің басшысы                                                   А. Касенов

Социальные медиа
• Facebook
• Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты