Меню
Страницы

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Панфилов ауданы Диханқайрат ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Панфилов ауданы Диханқайрат ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Панфилов ауданы Диханқайрат ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

Өңірде 2025 жылы 18 ауылда медициналық мекемелер жаңартылды. Бүгін пайдалануға берілген жаңа мекеме қажетті медициналық жабдықтармен қамтылып, заманауи инженерлік жүйелермен толық жабдықталған. Бұл ауылдағы көне дәрігерлік мекеме 1980 жылы салынып, бүгінгі күнге дейін тұрғындарға қолайсыз жағдайда қызмет көрсетіп келеген болатын.

1993 жылдан бері фельдшер болып қызмет етіп келе жатқан Гулинұр Камбарова жаңа ғимаратты көптен күткенін жеткізді.
“Біз бұрынғы ғимаратты көмірмен жылытып, тар бөлмелерде қолайсыз жағдайда тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп келдік. Заманауи медициналық жабдықтар жоқ тұрғындарды аудан орталығына жіберетінбіз. Жаңа фельдшердік-пункте алғашқы көмек көрсетуге, емшара жүргізуге қажетті жабдықтардың барлығы бар. Электмен жылытатын мекеменің кең жарық қолайлы болуы қуантады” дейді.

Жаңа ғимаратта қабылдау бөлмесі, алдын-ала қабылдау және күндізгі қабылдау бөлмелері, емдеу орындары, вакцинация кабинеті, жүкті әйелдерге арналған бөлме, туберкулезге қарсы кабинет, жеке қорғаныс құралдарын ауыстыруға арналған бөлмелер сынды изоляциялық палата орналасқан.
Диханқайрат ауылының 1 200 тұрғынына қызмет көрсететін нысанның лентасы қиылып, тұрғындар қуаныштарын жеткізуде.

Жалпы Панфилов ауданында денсаулық сақтау ғимараттарын жаңғырту жұмыстары арықарай жалғасын таба бермек. Қазірдің өзінде Жеркенттегі перезентханаға күрделі жөндеу жұмысы мен жаңа 3 қабатты 5 000 шаршы метр болатын заманауи медицина құралдарымен жабдықталған аурухананың құрылысы басталды.

Социальные медиа
• Facebook
• Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты