
Хабарландыру
Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 16 маусымда сағат 10:00-де Панфилов ауданы «Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтті. Күн тәртібінде: Кішішыған ауылындағы «№ 3» көшені ардагері Қасым Тазабековтың есіміне беру туралы мәселе қаралып, жергілікті қоғамдастықтың келісімі бойынша бір ауыздан қолдау тауып, облыстықиономастика комиссиясының қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.