Хабарландыру
Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 16 маусымда сағат 10:00-де Панфилов ауданы «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтті. Күн тәртібінде: Көктал ауылына қарасты «№ 1» көшені Ұлы Отан Соғысының ардагері Сембек Қожахметовтың есіміне, «№2» көшені Ұлы Отан Соғысының ардагері Молдахан Мустапаевтың есіміне, «№3» көшені Ұлы Отан Соғысының ардагері Ниязақын Байдилдаевтың есіміне, «№4» көшені Ұлы Отан Соғысының ардагері Жарасбек Бықыбаевтың есіміне беру туралы мәселе қаралып, жергілікті қоғамдастықтың келісімі бойынша бір ауыздан жоғарыда аталған есімдер қолдау тауып, облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.