Меню
Страницы

2025 жылғы 16 мамырда сағат 10:00-де Панфилов ауданы «Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтеді

Хабарландыру

 

 

Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес,          2025 жылғы 16 мамырда сағат 10:00-де  Панфилов ауданы «Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде  жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтеді. Жиналыста  Атамекен ауылына қарасты                           атауы жоқ  көшені ҰОС ардагері Бағашар Қарашевтың есіміне беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Бағашар Қарашев 1925 жылы Кеген ауданында дүниеге келген. Ол генерал Рокоссовский басқарған 3 Украина дивизиясының құрамында, соғыс аяқталғанға дейін Польшада болған. Соғыс аяқталғаннан кейін 3 жыл бойы қираған қалаларды жөндеу жұмыстарына қатысып, 1948 жылы елге оралады. Ұзақ жылдар Панфилов ауданы бұрынғы Калинин колхозында жүргізуші болып қызмет атқарған. 2000 жылы қайтыс болды.

  Отан соғысының II дәрежелі ордені және мерекелік медальдармен марапатталған

 

Социальные медиа
• Facebook
• Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты