Меню
Страницы

Панфилов ауданының әкімі М.Р.Сағымбектің «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылдағы қорытындылары және 2024 жылға арналған міндеттері туралы» баяндамасы

Панфилов ауданының әкімі М.Р.Сағымбектің «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылдағы қорытындылары және 2024 жылға арналған міндеттері туралы» баяндамасы

Панфилов ауданының әкімі М.Р.Сағымбектің «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылдағы қорытындылары және 2024 жылға арналған міндеттері туралы» баяндамасы

 

 Құрметті тұрғындар!

2023 жылы экономиканың негізгі салаларында өсім қамтамасыз етілді және көрсеткіштер толық орындалды.

Атап айтсақ (көрсеткіштер 12 ай бойынша): Ауыл шаруашылығы – 0,3 пайызға (69,9 млрд. теңге), өнеркәсіп – 10,6 пайызға (29,5 млрд. теңге), сауда – 17,8 пайызға (26,4 млрд. теңге) орындалды, аудан экономикасына  16 пайыз өсіммен 47,3 млрд. теңге инвестиция тартылды, 68,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа 6988 жұмыс орны құрылды (тұрақты – 5142, уақытша-1846).

Денсаулық сақтау саласында 2877 сәби дүниеге келді (2022 жылы- 2917 сәби), қайтыс болған адам саны 674 (2022 жылы- 608), оның ішінде 1 жасқа дейінгі сәби өлімі 24 жағдай тіркелді (2022 жылы - 22).

2023 жылы аудан аумағында 301 қылмыс тіркелді, 2022 жылмен салыстырғанда 34,4%-ға (158 қылмысқа) азайған. Аудан аумағындағы жолдарда орын алған жол-көлік оқиғаларының саны – 24 (2022 ж. - 17), онда қайтыс болғандар саны – 13 адам (2022 ж. – 7) құрады. Қылмысты ашу көрсеткіші 79,6% құрады (2022 жылы– 82,4%).

Мемлекеттік бюджеттің жоспары 104,4%-ке орындалды, болжамдағы 139,8 млрд.теңгенің орнына 145,9 млрд.теңге түсті, оның ішінде: республикалық бюджет – 134,0 млрд.теңге (103,5%), жергілікті бюджет – 11,7 млрд. теңге (115,4%). Ал, аудандық бюджетке 6,3 млрд.теңге жиналып, болжам 126,7 пайызға орындалды.

   Ауданның 2023 жылға бекітілген бюджет кірістері 13,4 млрд.теңгені құрады (оның ішінде: меншіктік кірістер  4,9 млрд. теңге, трансферттер түсімдері 7,6 млрд. теңге, бюджеттік бос қалдықтар 0,9 млрд.теңге).

2023 жылдың бюджет шығыстары 13,4 млрд.теңгені құрады немесе 99,8 пайызға орындалды. Оның ішінде, экономиканың салалары бойынша нақты атқарылған жұмыстар:

Ауданның 2023 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін толығымен орындауға қол жеткіздік. Атап айтқанда:

  1. Білім саласын дамыту үшін өткен жылы Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында
    1200 орындық мектеп құрылысы басталды (құны -
    6,3 млрд. теңге, «BI Global» ЖШС (ҚМЖ) және «TORTAY engineering Co» ЖШС),
    2024 жылы қолданысқа беріледі, құрылысын аяқтау үшін 3,9 млрд.теңге бөлінді.

Сонымен бірге, 2024 жылға білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен Лесновка ауылында 300 орындық жаңа мектеп құрылысын салуды бастауға 2,9 млрд.теңге қарастырылды.

Н.Головацкий және  Ә.Қастеев атындағы орта мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға 2024 жылы 3,2 млрд.теңге қаржы қарастырылды (Головацкий –
1,5 млрд.теңге, Қастеев – 1,7 млрд.теңге).
Сонымен қатар, Жаркент қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектептің стадионын ағымдағы жөндеуге 85,0 млн.теңге бөлінді.

2023 жылы, Жаркент қаласында орналасқан 60 орындық мұғалімдер жатақханасына 289,4 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді («ГрадСтройСервис» ЖШС). Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 41 мектепте 89,9 млн. теңгеге 700 комплект бейнебақылау камералары жаңартылды (550 ішкі және 150 сыртқы), Жаркент қаласындағы 9 мектеп және 12 мемлекеттік балабақша арнайы күзетпен қамтамасыз етілді.

Білім беру мекемелерін газға қосу мақсатында,                    2022 жылы Жаркент қаласындағы 2 мектепке (Хамраев, Жамбыл о/м) 28,5 млн.теңгеге ЖСҚ әзірленіп, 2023 жылы газға қосылды. 2024 жылы 5 мектепті (Алтынсарин, Момышұлы, № 6 мектеп-интернат, Еңбекші, Крупская о/м) газға қосуға ЖСҚ әзірлеуге 31,7 млн.теңге бөлінді. Ш.Уалиханов атындағы орта мектепті газға қосу жатақханалардың блокты-модульды қазандықтарын орнату жобасының аясында 2024 жылы ақпан айында мемлекеттік сараптамаға өткізіледі. Б.Назым атындағы орта мектебі 2025 жылы мектепке күрделі жөндеу жүргізу барысында газға қосылады. 

2023-2024 оқу жылында 6 елді мекеннен 252 оқушы мектепке автобустармен тасымалдануда (Алтынкөл бекеті, Сарпылдақ, Қызылжиде, Құндызды, Ақарал, АВТ ықшамауданы).

Аудан бойынша жалпы 67 бала бақшасы (мемлекеттік– 12, жеке меншік – 55) және 24 шағын орталық жұмыс істейді, оларда 8626 бала қамтылған. Ауданда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту– 99,6% құрайды. 2023 жылы жалпы саны 835 балаға арналған жаңа 7 бала бақша іске қосылды (Олар: Жаркент қаласында «Дарынды Сәби» - 75 орын, «Мадагаскар» -150 орын, «Дана Нұр» - 50 орын, «Арлан Кидс» - 75 орын, Көктал ауылында «Көктал Кидс» - 100 орын, Головацкий ауылында «Бөбекжай «Жаскент» ЖШС - 210 орын, Шолақай ауылында «Гүл-Шара» ЖШС - 50 орын)

Бүгінгі күнге 5 мектепті күрделі жөндеу бойынша жоба-сметалық құжаттама дайын, оның ішінде 4 мектеп (Білал-Назым-2,9 млрд.теңге, Момышұлы-3,2 млрд.теңге, Кішішыған-2,3 млрд.теңге, Әулиеағаш о/м-1,0 млрд.теңге) бойынша құрылыс салу құны- 9,4 млрд.теңгені құрайды, 1 мектептікі (Елтінді батыр ат. о/м-30,2 млн.теңге) әзірленуде. Оның сыртында жаңа 3 мектеп (Сұптай-10,0 млн.теңге, Садыр-17,5 млн.теңге, Сарытөбе-17,5 млн.теңге) құрылысын салуға  ЖСҚ әзірленуде. Жаркент қаласындағы Қарлығаш бала бақшасын күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ дайын, құны 750,8 млн.теңге, құжаттама 2022 жылы әзірленген, бірақ қаржы бөлінбей келеді.

  1. Денсаулық сақтау саласында барлығы
    43 мекеме медициналық қызмет көрсетеді.

Анықтама: оның ішінде күрделі жөндеуді – 5 (Үшарал ДА, Сарыбел ДА, көпсалалы аурухананың емханасы, инфекция бөлімі, күндізгі стационары), ағымдағы жөндеуді - 5 (Головацкий ДА, Енбекші ДА, Аулиеағаш ДА, Ават ДА, Сарпылдақ ДА) және жаңа құрылысты13 (Тұрпан, Садыр, Алтыүй, Хоргос, Сарытөбе, Аққұдық, Сұптай, Ақжазық, Диханқайрат, Қырыққұдық, Алмалы, Лесновка, Жерұйық), блокты-модульды кешенді орнатуды7 (Аққент, Ақарал, жедел медициналық көмек станциясы, Қызылжиде, Керімағаш, Көктал арасан, Дарбазақұм) мекеме қажет етеді.

2023 жылы жергілікті бюджет есебінен
183,5 млн. теңгеге Ақкент және Ақарал ауылдарында блокты-модульды медициналық пункттер («Qaz Damu Construction» ЖШС, құны 99,0 млн.теңге), сондай-ақ Жаркент қаласындағы жедел және шұғыл көмек станциясы орнатылып, қолданысқа берілді («Ағаш-Темір-Бетон-Сервис» ЖШС, құны – 84,5 млн. теңге).

Өткен жылы республикалық бюджет есебінен ауданаралық ауруханасына жалпы 373,3 млн.теңгеге 38 медициналық техника (наркоз – тыныс алу аппараттары, экспертті кластағы УДЗ аппаратттары, фиброгастроскоп, рентгендік тасымал аппараты, 10 бірлік мобильді функционалдық каталка) сатып алынды.

Медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі 91%-ға дейін жеткізілді.

2023 жылы ауданға 5 санитарлық автокөлік (Алмалы, Шолақай, Көктал, Басқұншы, Айдарлы ауылдарына) берілді, оның ішінде «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының «Жедел көмек» әлеуметтік жобасы аясында JACSunray реанимобилі және жергілікті бюджеттен 103,4 млн.теңгеге 4 санитарлық автокөлік сатып алынды. 

2023 жылы ауданға 23 дәрігер және 1 провизор жұмысқа қабылданды (8 жалпы тәжірибелі дәрігер, 2 терапевт, 2 анестезиолог-реаниматолог, 2 стоматолог, 1 реабилитолог, 4 акушер-гинеколог, 1 эпидемиолог, 1 денсаулық сақтауды ұйымдастырушы (директор), 1 эксперт, 1 статист).

Алайда әлі де 22 дәрігер қажет (4 анестезиолог-реаниматолог, 1 акушер-гинеколог, 3 невролог,  2 хирург, 2 инфекционист, 1 травматолог, 1 офтальмолог, 1 эндокринолог, 1 неонатолог,
1 оториноларинголог, 1 кардиолог, 1 реабилитолог, 1 функционалдық диагностика дәрігері, 2 педиатр).

 2024 жылға Надек ауылында 25 келушіге және Шежін ауылында 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға 202,0 млн.теңге (Надек - 200,0 млн.теңге, 2024 жылы басталады, Шежін - 2,0 млн.теңге құрылысы 2023 жылы басталған, 2024 жылы аяқталады, өтпелі жоба), Қызылжиде және Керімағаш ауылдарында медициналық пункт үшін блокты-модулды кешен орнатуға 100,0 млн.теңге (әрқайсысына 50,0 млн.теңгеден), көпсалалы ауданаралық ауруханасының күндізгі бөлімі ғимаратына күрделі жөндеуге 225,0 млн.теңге, Еңбекші және Головацкий ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияны ағымдағы жөндеуге 51,0 млн.теңге (әрқайсысына 25,5 млн.теңгеден), Жерұйық ауылында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға ЖСҚ әзірлеуге 10,0 млн.теңге,  Бөрібай би ауылына медициналық пунктіге арналған блокты-модульді кешен құрылысына ЖСҚ әзірлеуге 482 мың теңге бөлінді.

  1. 3. Спорт саласында 185 спорт нысаны бар. 2023 жылы Үлкеншыған (1015,8 млн.теңге) және Пенжім (1115,1 млн.теңге) ауылдарында 190 орынға арналған спорт кешендері қолданысқа берілді (2022-2023 жылдары 2,1 млрд.теңге жұмсалды), Үшарал ауылында спорт кешенінің құрылысы 2024 жылғы тамыз айында аяқталады, оған 655,6 млн.теңге бөлінді.
  2. Мәдениет саласында (барлығы 58 нысан) 2023 жылы 92 млн. теңгеге 4 ауылдық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (Кішішыған, Көктал, Лесновка, Жаркент қаласындағы Данқ музейі).
  • Үш ауылда (Тұрпан-11,8 млн.теңге, Пенжім-11,5 млн.теңге, Алтыүй -11,6 млн.теңге) мәдениет үйлерін күрделі жөндеуге Шежін (12,3 млн.теңге) ауылына мәдениет үйін салуға жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Ал, Үлкеншыған ауылында мәдениет үйінің құрылысын салуға (32,5 млн. теңге) және Басқұншы ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге ЖСҚ (11,8 млн.теңге) әзірленуде. Сондай-ақ, 37 млн. теңгеге Лесновка ауылының мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
  • 2023 жылы Головацкий ауылында мәдениет үйіне күрделі жөндеу басталған (577,6 млн.теңге игерілді), 2024 жылы аяқтауға 49,2 млн.теңге бөлінді.
    • 2024 жылға Тұрпан ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге 442,5 млн.теңге, Жаркент қаласындағы Ә.Қастеев атындағы көркем сурет галереясы филиалын ағымдағы жөндеуге 41,6 млн.теңге бөлініп отыр.
  1. Автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бағытында жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
  • 2023 жылы ауданның жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына және күтіп ұстауға 2,8 млрд. теңге игерілді (60 км). Екі ауылдың кіреберіс жолын жөндеу (Лесновка-14 км, 475,0 млн. теңге; Надек ауылы арқылы Сұптай ауылына кіреберіс жол-10 км, 538,0 млн. теңге) және бір ауылдың кіреберіс жолына (Еңбекші 15 км, жалпы құны 905,0 млн. теңге, 2023 – 134,0 млн. теңге) жөндеу жұмыстары басталды, нысанның аяқталу мерзімі 2024 жылдың соңы.
  • Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 30,5 шақырым құрайтын 8 елді мекеннің (Жаркент қаласы, Тұрпан, Үшарал, Алмалы, Кішішыған, Үлкеншыған, Бөрібай, Ынталы), 10 ауылішілік және 2 кіреберіс жолдарына күрделі, орташа жөндеу жұмыстарына 1,3 млрд. теңге жұмсалды. Оның сыртында 6 көшенің (Тұрпан-1, Кішішыған-1, Үлкеншыған-2, Жаркент қаласы-1, Бөрібай би) жөндеу жұмыстары аяқталды, тағы 6 көшені жөндеу (Жаркент-2, Тұрпан-1, Алмалы-1, Үшарал-1, Ынталы) 2024-2025 жылдар аралығында аяқтау жоспарланған.
  • 2024 жылға Ынталы ауылының кірме жолын күрделі жөндеуге (11,77 км) 500,0 млн.теңге, Жаркент қаласындағы Сыпатаев (3,27 км), Ходжамьяров (1,66 км) көшелерін күрделі жөндеуге 500,0 млн.теңге, Алмалы ауылының Бөлек батыр, Тұрпан ауылының Әуезов, Үшарал ауылының Сауранбаев (7,2 км) көше жолдарын орташа жөндеуге 199,5 млн.теңге, Басқұншы ауылының Кененбаев (3,9 км), Қаратаев (2,83 км) көшелерін орташа жөндеуге 100,0 млн.теңге, жолдарды қыстық мерзімде күтіп-ұстау жұмыстарына 45,0 млн.теңге бөлінді. Бұның сыртында, облыстық бюджет деңгейінде «Үшарал-Сарпылдақ» автомобиль жолын күрделі жөндеуге (27,554 км) 25,0 млн.теңге, «Жаркент-Сарыбел» автомобиль жолын орташа жөндеуге (4 км) 97,2 млн.теңге, «Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Қорғас» жол бойына қызмет көрсету нысаны мен «Надек ауылы арқылы Сұптай ауылына кіреберіс» автомобиль жолын орташа жөндеуге (14,032 км) 51,4 млн.теңге, «Көктал-Жаркент-Арасан» КВ-87 жол бойына қызмет көрсету нысаны мен Әулиеағаш ауылы арқылы Еңбекші ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеуге (14,999 км) 901,6 млн.теңге, «Басқұншы ауылына кіреберіс» автомобиль жолын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 19,1 млн.теңге қарастырылды.
  1. Электр жабдықтауды нығайтуға соңғы жылдары қаржы бөлініп, біршама жұмыстар атқырылып келеді. 2023 жылы Көктал, Головацкий, Алтыүй, Лесновка, Кішішыған және Алмалы ауылдарында жалпы ұзындығы 59,3 км электр жарығын беретін жүйе салынды, оған 667,1 млн.теңге жұмсалды.
    • 2024 жылға Жаркент қаласының Головацкий, Уалиханов көшелерін электрмен жабдықтауға (5,5 км, 66 үйге тартылады) 99,8 млн.теңге, «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Үшарал ауылының жаңадан ашылған көшелерін электрмен жабдықтауға (9,7 км, 168 үйге тартылады) 100,0 млн.теңге бөлінді. Сонымен бірге, Басқұншы ауылының Қаратаев, Алмалы ауылының Солтанай батыр көшелеріне көше жарығын орнатуға 50,0 млн.теңге, Ақкент ауылынан Ават ауылына дейінгі аралыққа көше жарығын орнатуға 15,0 млн.теңге бөлінді. Жаркент қаласындағы Өркен балалар саябағын абаттандыруға 367,8 млн.теңге қарастырылды.
  1. Ауданда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 42 елді мекеннің 41-і немесе 98 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған (желілердің жалпы ұзындығы - 486,2 км. Жиделі ауылы орталықтандырылмаған, 94 адам тұрады). Су құбырларының 50%-ға (240 км) жуығы тозған. 2024 жылы ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында 2024 жылы 5 ауылда (Еңбекші, Көктал, Надек, Қырыққұдық, Шолақай) су құбыры желілерін қайта жаңарту және салу жұмыстары жүргізілетін болады (республикалық бюджеттен 2024 жылға 4,0 млрд. теңге қарастырылды). 12 ауылдың (Ават, Головацкий, Суптай, Үлкенағаш, Көктал-Арасан, Жаркент-Арасан, Аққұдық, Диханқайрат, Ақкент, Шежін, Үшарал, Қызылжиде) жер асты суларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарын бастауға 15,9 млн.теңге бөлінді. Сонымен қатар 3 ауыл бойынша жобалар әзірленуде (Керімағаш ауылы - тозуы 90%, Жаркент қаласы – тозуы 45%, Сарыбел ауылы - тозуы 90%). Сараптамадан өткеннен кейін құрылыс жұмыстарына қаражат бөлу үшін республикалық бюджетке өтінім беріледі. Нәтижесінде 2025 жылға дейін аудан бойынша 195,8 км желі қайта жаңартылып, тозу көрсеткіші 11%-ға дейін төмендейді.
  1. Елді мекендерді газдандыру мәселесі де күн тәртібінде тұр. Аудан бойынша (42 елді мекен бар) 26 елді мекенді газдандыру қажет (62%), бүгінгі күні Жаркент қаласы ғана газдандырылды. Қазіргі таңда газға 6734 абонент немесе абоненттердің жалпы санының 60%-ы қосылды. 2023 жылы ауданның 25 елді мекенін газдандыру бойынша жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды, осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 517,3 млн. теңге игерілді (Көктал, Кішішыған, Үлкеншыған, Хоргос, Шолақай, Алмалы, Пенжім, Лесновка, Енбекші, Алтыүй, Үшарал, Ават, Ақарал, Ақжазық, Ақкент, Аққұдык, Әулиеағаш, Жиделі, Керімағаш, Қызылжиде, Сарпылдақ, Ынтымақ, Сұптай, Надек және Қырыққұдық ауылдары). Анықтама: жобалар мемлекеттік сараптаманың қарауында, аяқталу мерзімі - 2024 жылы. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарлануда.
    1. Әлеуметтік салада аудан бойынша жалпы 6988 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 5142 адам орналасты (жоспар – 4159, орындалуы 123,6%).
  • Мансап орталығына жұмыссыз ретінде 7742 адам келіп тіркелген, оның 4875-і немесе 62,9 пайызы жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмысқа 1322 адам, әлеуметтік жұмысқа 118 адам, жастар тәжірибесіне 159 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 102 адам жолданды. 25 адамға 34,5 млн. теңге  қайтарымсыз грант берілді. Алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша  35 жасқа дейінгі 113 жас азаматтар өтінім берген жұмыс берушілерге жұмысқа жолданды. 5 адам ұрпақтар келісім шарты жобасына жолданды.
  1. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Алмалы ауылына қырман салуға блокты-модульды кешен орнатуға 250,0 млн.теңге, Қорғас, Тышқан, Өсек өзендеріне су қоймасын салуға техникалық экономикалық негіздеме әзірлеуді аяқтауға 67,7 млн.теңге бөлінді.
    • «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 93 шаруа қожалықтары 662,0 млн.теңгеге 2,5 %-бен кредит алды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында 85 шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы емес мақсатқа 8 кредит алынды.
  2. Қорғаныс саласы бойынша Қорғас өзенінде қорғаныс құрылыстарын салуға 4,2 млрд.теңге, Басқұншы, Қорғас ауылдарының және шекара заставасының учаскелеріндегі Қорғас өзені бойындағы арна қалыптастырушы және қорғаныш құрылыстарына 6,8 млрд.теңге, төтенше жағдайдың алдын-алу мақсатында, Көктал-Арасан ауылының Бурақожыр өзенінің қорғаныс бөгетін күрделі жөндеуге 187,7 млн.теңге жоспарланды.
    • Құрметті тұрғындар, Сіздердің назарларыңызға «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне негізделген, азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілгенін хабарлаймын.
  • «Е-Өтініш» - «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің барлық түрлерін қабылдауға арналған ақпараттық жүйе.
  • Сондай-ақ, ақпараттық жүйе өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге және жұмыс сапасын арттыруға жол ашатын бірегей жүйе.
  •  
  • Ресми тәртіппен «Е-Өтініш» жүйесі арқылы арыз-шағымыңызды жолдау проблемалық мәселені мемлекеттік органмен бірге шешудің тиімді тәсілі.

      Біз Сіздермен әр кездесу жиынында айтылған өзекті мәселелерді орындау үшін іс-шара жоспарын әзірлеп, оны жүзеге асыруға нақты жұмыстар атқарамыз. Бюджеттен қаржы бөлуге облыстық тиісті мекемелерге өтінім жолдап, орындалуына нақты жұмыстар жасаймыз.

 

 

Социальные медиа
• Facebook
• Instagram
Меню подвал
Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации