«Таза Қазақстан» акциясы аясында Өсек өзенінің жағалауын тазалау және жалпы қалалық сенбілік өткізілді. Іс-шараға қала тұрғындары, еріктілер және түрлі мекеме қызметкерлері белсене қатысты. Ортақ мақсат — табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды. Тазалық жұмыстары барысында аумақ толықтай сыпырылып, жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылды. Жағалау ретке келтіріліп, санитарлық тазарту жүргізілді. Сонымен қатар, ағаштарды әктеу жұмыстары атқарылып, айналаны көріктендіру шаралары жүзеге асырылды. Мұндай игі бастамалар қаланың тазалығын сақтауға және тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға үлкен үлес қосады.