Қасиетті Рамазан айы – қайырымдылық пен ізгіліктің, мейірім мен жанашырлықтың айы.

Қасиетті Рамазан айы – қайырымдылық пен ізгіліктің, мейірім мен жанашырлықтың айы.

Қасиетті Рамазан айы – қайырымдылық пен ізгіліктің, мейірім мен жанашырлықтың айы. Осындай берекелі кезеңде Алматы облысының құрметті азаматы, меценат Серік Мұқашұлы Ақсубаев игі бастама көтеріп, 170 адамға азық-түлік таратып, көпшіліктің алғысына бөленді.

Бұл сауапты іс – қоғамдағы бірлік пен жанашырлықтың айқын көрінісі. Мұндай қайырымдылық шаралары мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, адамдардың бір-біріне деген сенімін арттырып, ізгілікке үндейді.

Серік Мұқашұлының бұл әрекеті – көпке үлгі болатын игі іс. Осындай жомарт жандар көбейіп, елімізде әрдайым мейірім мен ізгілік арта берсін!