
Бірлігіміз бен болмысымыздың белгісі – ұлттық киім 👘 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай қалалық әкім аппараты ұлттық нақыштағы киім киіп, халқымыздың асыл мұрасына құрмет көрсетті. Ұлттық киім – бұл тек дәстүр емес, ол – тарихымыздың, мәдениетіміздің және рухани құндылықтарымыздың айнасы. Осындай бастамалар арқылы біз ұлттық болмысымызды сақтап, кейінгі ұрпаққа насихаттаймыз.
Баршаңызды Ұлттық киім күнімен құттықтай отырып, төл мәдениетімізді бірге ұлықтауға шақырамыз!