
Аудан әкімі Жаркент қаласының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Кездесуге қала әкімі де қатысып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, жол жөндеу, абаттандыру және әлеуметтік салалардағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Ашық диалог барысында тұрғындардың өзекті мәселелері қаралып, нақты жауаптар беріліп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімі қала дамуы басты назарда екенін атап өтіп, барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынатынын жеткізді. Өтініштер заңнама аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады.