
Жаркент қаласындағы Арбат аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар жиналып, аумақ сыпырылды. Сонымен қатар, заңсыз қойылған заттар алынып, тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар қаланың көркін сақтауға және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.