
Жеруйык ауылының тұрғындарымен газбен қамту мәселесі бойынша кездесу өткізілді.
Жиын барысында ауылды газдандыру жұмыстарының барысы, туындаған мәселелер және алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды. Кездесуге қала әкімі Айдар Мұратұлы, сондай-ақ газ саласына жауапты маман Ертай мырза және Оспанова Раушан Жамбылбайқызы қатысты.
Тұрғындар тарапынан нақты сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Көтерілген барлық мәселелер назарға алынып, тиісті мекемелерге жеткізілетін болады.
Ауыл тұрғындарының өтініштері мен талаптары бақылауға алынды. Алдағы уақытта бұл мәселе бойынша жүйелі жұмыс жүргізілетін болады.